RU
Толық нұсқаға өту

Арман Қырықбаев Халықаралық біріккен мәдениеттер форумына қатысты

29.09.2026, 09:46 41

Мәдениет және ақпарат министрі Арман Қырықбаев Санкт-Петербургте дәстүрлі түрде өтетін 12-ші Халықаралық біріккен мәдениеттер форумына қатысты.

Биыл іс-шараға 43 шетелдік делегация өкілдері жиналды. Оның 18-іне мәдениет министрлері жетекшілік етті. Форум аясында Арман Қырықбаев Ресейдің мәдениет министрі Ольга Любимовамен кездесті. Тараптар Қазақстан мен Ресейдің мәдениет саласындағы ынтымақтастығын одан әрі дамыту жөнінде пікір алысты. Қазақстан Президентінің тапсырмасы бойынша Арман Қырықбаев Ольга Любимоваға II дәрежелі «Достық» орденін табыстады. Мемлекеттік награда Қазақстан мен Ресей арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға, сондай-ақ екі ел арасындағы мәдени байланыстарды дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін берілді.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz