RU
Толық нұсқаға өту
ЖИ

Астана прокуратурасы алимент борышкерлерінен қарыз өндірудің жаңа әдісін енгізді

29.09.2026, 09:52 42

Астана прокурорлары алимент төлемей жүрген борышкерлерден 2 миллиард теңгеден астам қаржы өндіріп алды, деп хабарлайды  «24KZ». Қалалық прокуратура жүргізген тексеру нәтижесінде сот орындаушыларының 5 мыңнан астам әрекетсіздік фактісі анықталып, 5,5 мың борышкердің өз балаларына тиесілі 26 миллиард теңге көлеміндегі табысын жасырғаны белгілі болды.

Бұл мәселені шешу үшін қадағалау органы алимент төлемейтіндермен күресудің жаңа әдісін енгізді. Бұрын жеке сот орындаушыларының назарынан тыс қалып келген борышкерлердің арнайы техникалары тексеріліп, нәтижесінде жалпы құны 2 миллиард теңге болатын 126 бірлік құрылыс, жол және ауыл шаруашылығы техникасы анықталды.

Қазіргі таңда осы шаралардың арқасында 2,5 мың баланың пайдасына 2 миллиард теңгеден астам қарыз өндіріліп алынды. Тексеру қорытындысы бойынша Әділет министрлігіне миллиардтаған кірістер мен арнайы техникаға өндіріп алуды қамтамасыз ету, сондай-ақ заңбұзушылыққа жол берген тұлғаларды жауапкершілікке тарту туралы қадағалау актісі енгізілді. Елорда прокуратурасы ата-аналарды балаларын асырау жөніндегі заңды міндеттерін орындаудан жалтармауға шақырады.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz