RU
Толық нұсқаға өту

Астанада жүргізуші әйел адамды қағып, қашып кетті 

29.09.2026, 10:06 41

Астананың орталық көшелерінің бірінде Jetour жүргізушісі әйел адамды қағып, артынша қашып кетті, деп хабарлайды «24KZ».

Оқиға Мәңгілік ел, 21 мекенжайында болған. Оның видеосы әлеуметтік желіде жарияланды.

Видеодан жүргізушінің әйел адамды қағып кеткеннен кейін тоқтамастан ары қарай кетіп қалғанын байқауға болады.

«Jetour T2» автокөлігінің жүргізушісі анықталды, көлік коммуналдық тұраққа қойылды. Қазіргі уақытта жол-көлік оқиғасы бойынша тексеру жүргізіліп жатыр. Оның қорытындысы бойынша қолданыстағы заңнамаға сәйкес тиісті шаралар қабылданады», – делінген ПД хабарламасында.

«24KZ» Telegram-арнасына жазылыңыз

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz