Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында әкімдерге жылу беру маусымының басталуына байланысты дайындық жұмыстарын шұғыл түрде жеделдету тапсырылды, деп хабарлайды «24KZ».
Жекелеген облыстарда жылу беру маусымының басталуына санаулы күндер қалды. Әкімдерге дайындық жұмыстарын жеделдетуді тапсырамын. Бірінші кезекте әлеуметтік нысандарға – балабақшалар мен мектептерге, ауруханалар мен емханаларға жылу берілуі тиіс. Жылыту маусымын уақтылы, белгіленген мерзімнен кешіктірмей бастау қажет. Нысандардың дайындық паспорттарын алу үшін құжаттарды тапсыру аяқталып қалды. Ертең – соңғы күн.Әкімдер бұл мәселені жеке бақылауға алуы керек, - деп атап өтті Премьер-министр.
Энергетика вице-министрі Қайырхан Тұтқышбаев жылыту бес өңірде – Павлодар, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан және Қостанай облыстарында берілгенін, аптаның соңына дейін орталық, батыс және шығыс өңірлерде жылу іске қосылады деп күтіліп отырғанын жеткізді.
Оның айтуынша, энергия нысандарында 4,9 млн тонна көмір және 127 мың тонна мазут қоры дайындалды, 17 мың шақырым электр беру желісі толық жөндеуден өтті, төрт қосалқы стансадағы жұмыстар аяқталуға жақын. Жылу желілерінің жалпы дайындығы 99%-ды құрайды. Жоспар 82%-ға орындалған Семей қаласы ерекше бақылауда тұр. Жұмысты үйлестіру Премьер-министрдің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаевқа жүктелді.
Тегтер #24жаңалықтар #24KZ #жылыту маусымы #әлеуметтік нысандарPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz