29 қыркүйек таңертең Алматы – Екатеринбург тасжолының 384-шақырымында жол-көлік оқиғасы болды. Бір әйел қаза тауып, тағы екі адам зардап шекті. Полиция тергеу амалдарын бастады, деп хабарлайды «24KZ».
Қостанай облысы ПД алдын ала мәліметінше, «Газель» жүргізушісі қарсы бағытқа шығып кетіп, «Лада Калина» көлігімен соқтығысқан.
Салдарынан жеңіл көлік тізгініндегі әйел оқиға орнында көз жұмды. «Газель» жүргізушісі мен «Лада» жолаушысы түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді.
Қазіргі уақытта қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп, оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр, - деп хабарлады ведомство.
«24KZ» Telegram-арнасына жазылыңыз
Тегтер #Алматы – Екатеринбург #жол апаты #полиция #24жаңалықтар #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz