RU
Толық нұсқаға өту
фото: ЖИ

Степногорскіде тұрғын үй кезегінде қайтыс болған 9 адам тұрған

29.09.2026, 11:48 44

Степногорск қаласында тұрғын үй кезегінде тұрған 1 095 адамның арасынан 9 қайтыс болған азамат анықталды. Сонымен қатар қалада тұрмайтын және тұрғын үй кезегінде тұруға негізі жоқ тағы 14 адам белгілі болды, деп хабарлайды 24KZ.

Ақмола облысы прокуратурасының мәліметінше, қайтыс болған азаматтар 2023 жылдан бері тұрғын үй кезегінде есепте тұрған. Ал қаладан көшіп кеткен 14 адамның тұрғын үй есебінде қалуына заңды негіз болмаған.

Бұдан бөлек, тұрғын үй кезегінде жеке меншігінде жылжымайтын мүлкі бар адамдар да анықталды. Прокуратураның шараларынан кейін аталған азаматтар кезектен шығарылды.

Сондай-ақ бос тұрған пәтердің ұзақ уақыт бойы пайдаланылмағаны анықталған. Тұрғын үйге мұқтаж азаматтардың көп болуына қарамастан, пәтер іс жүзінде бос тұрған.

Прокуратураның араласуынан кейін пәтер кезекте тұрған азаматтарға әрі қарай бөлу үшін берілді. Анықталған заң бұзушылықтар бойынша жауапты лауазымды тұлға жауапкершілікке тартылды, – делінген облыстық прокуратура хабарламасында.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz