RU
Толық нұсқаға өту
gov.kz

Ауыл шаруашылығы министрлігі ет бағасына қатысты мәлімдеме жасады

29.09.2026, 12:55 43

Қазақстанда сиыр етінің орташа бағасы келісіне 3 800 теңге шамасында сатылып жатыр. Ауыл шаруашылығы министрлігі елде ет бағасын күрт өсіретін ешқандай фактор жоқ екенін Үкімет үйінде өткен брифингте мәлімдеді, деп хабарлайды «24KZ».

Ауыл шаруашылығы вице-министрі Назгүл Хатепованың айтуынша, министрлік ет бағасына күн сайын мониторинг жүргізеді. Мәселен, Астанадағы сауда орындарында баға әртүрлі қалыптасқан. «Шапағат» базарында сиыр еті шамамен 3 500 теңге тұрса, «Артем» сауда үйінде 4 400 - 4 500 теңге аралығында сатылуда. Ал жалпы республика бойынша сиыр етінің орташа бағасы - келісіне 3 800 теңге.

Вице-министр елдегі ішкі нарық сиыр етімен толық қамтамасыз етілгенін баса атап өтті.

Өткен жылдың қорытындысы бойынша 434 мың тонна сиыр еті өндірілді. Биыл да алғашқы 8 айда өндіріс көлемінің өскенін көріп отырмыз. Мал басы да артып келеді. Сондықтан сиыр етінің бағасы күрт өседі деп болжауға еш негіз жоқ, - деді министрлік өкілі Үкімет үйінде өткен брифингте.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz