Түркістан облысында жолдың ортасында қауіпті маневр жасап, ережені өрескел бұзған 8 жүргізуші жауапқа тартылды.
Олар түн ортасында бір-бірінің артынан тізбектеліп, заңсыз шеру жасаған. Жауапсыз жүргізушілердің әркеті бейнебақылау камераларына түсіп қалды. Тәртіп сақшылары тұрғындардың тыныштығын бұзған жүргізушілерді дереу анықтап, шара қолданды. Автокөліктері арнайы айыптұраққа қойылып, иелері әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Одан бөлек, Daewoo Nexia маркалы екі автокөлік жүргізушілері жолдың қарсы бағытына шығып, өзгелердің өміріне қауіп төндірген. Жүргізушілерге қатысты жинақталған материалдар сотқа жолданды.
Гүлнәр Абдужаппарова, облыстық Полиция департаментінің ресми өкілі:
- Жол – шоу жасайтын орын емес! Бір сәттік әсер үшін жасалған қауіпті маневр адам өміріне қауіп төндіруі мүмкін. Полиция жолдағы тәртіп бейнебақылау камералары арқылы тұрақты бақылауда екенін ескертеді. Жол қозғалысы ережесін өрескел бұзған әрбір әрекет назардан тыс қалмайды және заң аясында тиісті шара қабылданады.
Тегтер #Түркістан облысы #жол ережесі #Заң мен тәртіпPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz