RU
Толық нұсқаға өту
фото: depositphotos.com

Алматыдан Малайзияның танымал аралына тікелей рейстер ашылады

29.09.2026, 16:49 38

«Air Astana» Алматыдан Малайзияның Лангкави аралына жаңа маусымдық рейстерге билет сатуды бастады, деп хабарлайды 24KZ.

Тікелей әуе қатынасы 25 желтоқсанда ашылып, 2027 жылғы 27 наурызға дейін жалғасады

Рейстер аптасына үш рет – сейсенбі, жұма және жексенбі күндері Airbus A321LR ұшағымен орындалады.

Алматыдан ұшатын KC8167 рейсі 21:35-те жолға шығып, келесі күні 08:10-да Лангкавиға қонады. Кері бағыттағы KC8168 рейсі 09:40-та ұшып, Алматыға 14:40-та жетеді.

Екі жаққа да билет бағасы эконом-класта 326 605 теңгеден, бизнес-класта 886 587 теңгеден басталады. Бұл сомаға барлық алымдар кіреді.

Билеттерді әуе компаниясының ресми сайты, мобильді қосымшасы және аккредиттелген туристік агенттіктер арқылы сатып алуға болады.

Қазақстан азаматтары Малайзияға 30 күнге дейін визасыз кіре алады.

Лангкави – Малайзиядағы танымал туристік бағыттардың бірі. Архипелаг ақ құмды жағажайларымен, мангр ормандарымен және таулы табиғатымен танымал. Лангкави ЮНЕСКО-ның жаһандық геопарктері желісіне кіреді.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz