Еліміздің «Baa1» деңгейінде егеменді кредиттік рейтингі расталды, деп хабарлайды 24KZ. Мұны Moody's халықаралық агенттігі мәлімдеді.
Көрсеткіштің тұрақты сақталуы — Қазақстанның мемлекеттік борышының төмен деңгейімен, қызмет көрсету қабілетінің жоғарылығымен және жинақталған валюталық активтерімен байланысты. Агенттіктің мәліметінше, Қазақстан экономикасына өңдеуші өнеркәсіп пен құрылыстың, көлік және өзге де басым секторлардың жалпы ішкі өнімді өсіруге үлес қосып отырғаны негізге алынған. Сондай-ақ рейтингті растауда елдегі салық реформасы, цифрландыру әрі энергетика секілді бірқатар саладағы жетістіктеріміз арқау болған.
Тегтер #24KZ #кредиттік рейтинг #Moody'sPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz