RU
Толық нұсқаға өту

Онлайн несие алу тәртібінде өзгеріс бар

29.09.2026, 19:40 25

1 қазаннан бастап онлайн несие рәсімдеу барысында банк тарапынан қосымша сұрақтар қойылады, деп хабарлайды 24KZ.

Мәселен, «азамат қарызды өз еркімен алғалы жатыр ма? Кредит рәсімдеуге үшінші тұлғаның қатысы жоқ па?» деген сияқты сауалнама сұрақтарына жауап беруі шарт. Сонымен қатар несиеге өтініш берушінің пайыздық мөлшерлеме, өтеу мерзімі туралы толық ақпараттанғанына назар аударылады. Егер банк интернет алаяқтыққа қатысты күмәнді жағдайды байқаса, мән-жайды пысықтауға тиіс. Жаңа ережеге Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің қаулысына сай 15 мамырда қол қойылған. Тек жекелеген нормалар алдағы айда қолданысқа енеді.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz