RU
Толық нұсқаға өту

Елордада ₸2 млрд алимент өндірілді

29.09.2026, 20:00 31

Елордада 2,5 мың балаға 2 млрд теңге алимент өндіріліп берілді, деп хабарлайды «24KZ».

Бұл – табысын жасырып, баласының алдындағы борышын өтеуден бұлтартқан әкелерден алынған ақша. Иә, алиментті айналып өткісі келетіндер көп. Мәселен, Астанада 5,5 мың борышкер 26 млрд теңге көлеміндегі табысын жасырған. Бұл жайлы қалалық прокуратураның мамандары мәлімдеді. Енді бұлай болмайды. Құқық қызметкерлері қадағалаудың жаңа тәсілін іске қосты. Бұдан былай өндіріп алу кезінде бұрын жеке сот орындаушыларының назарынан тыс қалған борышкерлердің арнайы техникасы да қамтылады. Сондай-ақ әрекетсіздікке жол берген кінәлі тұлғаларды қатаң жауапкершілікке тарту жөнінде Әділет министрлігіне қадағалау актісі енгізілді.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz