Бұл туралы жобаға жауапты Almaty Tau Management компаниясының өкілдері мәлімдеді, деп хабарлайды 24KZ.
Айтуларынша, арматура, цемент, металл құрылымдар сияқты құрылыс материалдарының барлығы қазақстандық өндірушілерден алынады. Ел аумағында жасалған кабельді қолдану жоспарланған. Инженерлік және монтаж жұмыстарын да жергілікті компаниялар істейді. «Осылайша жаңа жұмыс орындары ашылып, жергілікті кәсіпорындарға тапсырыс артады», - дейді жауаптылар. Бұл импорт көлемі мен логистикалық шығындарды азайтуға мүмкіндік береді.
Сәулет Құсайынова, «Almaty Tau Management» ЖШС баспасөз хатшысы:
- Тау кластері — бұл тек туристік жоба емес. Ол Алматы мен Алматы облысындағы кәсіпорындардың дамуына, сондай-ақ жергілікті мамандардың кәсіби құзыретін арттыруға жаңа мүмкіндік береді. Сондай-ақ шағын және орта бизнес өкілдері де жобаның әр кезеңіне қатыса алады.
Тегтер #24KZ #Алматы #тау кластері #туристік нысандар #ТаңдаулыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz