Қазақстан су үнемдеуге басымдық беріп отыр. 2030 жылға қарай заманауи технологиялар қолданылатын суармалы жерлердің көлемін 1,3 млн гектарға жеткізу жоспарланып отыр, деп хабарлайды 24KZ.
Бұл жыл сайын 2 млрд текше метрден астам суды үнемдеуге мүмкіндік береді. Қазіргі таңда мұндай технологиялар шамамен 159 мың гектар жерде қолданылады. Сонымен қатар елімізде жерасты суларының қомақты қоры бар. Бекітілген пайдалану қоры тәулігіне 43 млн текше метрден асады. Алайда іс жүзінде оның шамамен 3,5 пайызы ғана пайдаланылып отыр. 2026 жылдың соңына дейін мамандар 38 жоба бойынша іздестіру-бағалау жұмыстарын жүргізеді.
Талғат Момышев, ҚР Су ресурстары және ирригация вице-министрі:
- 2027 жылы режимдік бақылаулар жалғасады. Жұмыстар аясында жерасты суларына мониторинг жүргізу, гидрохимиялық талдау жасау, бақылау нәтижелерін өңдеу, сондай-ақ мемлекеттік су кадастры мен жерасты сулары бойынша деректер базасын жүргізу көзделген.
Тегтер #24KZ #Қазақстан #су үнемдеу технологиясы #жерасты суыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz