Бұдан былай азаматтарымыз шетелден 5 жылдан асқан көлікті әкеле алмайды. 26 қыркүйектен бастап көлік құралдарының электрондық паспортын рәсімдеу тәртібі өзгерді, деп хабарлайды 24KZ.
Енді зертханалар жеке тұлғалардан бес жылдан аспаған және жеке пайдалануға әкелінген көліктердің ғана құжаттарын қабылдайды. Жеке тұлға жылына бір ғана көлік әкелуге құқылы. Салмағы 3,5 тоннаға дейінгі тіркемені немесе автоүйді қосымша әкелуге рұқсат.
Артур Мискарян, Автонарықты мониторингтеу және талдау агенттігінің бас директоры:
- Екінші нарықтағы көлікті сырттан әкелген кезде оның ұрланған/ұрланбағанын да тексеріп алу қажет. Осындай қызмет түрлерін кейбір банктер мен маркетплейстер ұсына алады. Еуразиялық экономикалық одақ елдерінен бес жылдан асқан автокөліктер әкелінген жағдайда, электрондық паспортқа «аяқталмаған» деген мәртебе беріледі. Мұндай көлікті Қазақстанда алғаш рет есепке қою мүмкін болмайды.
Көлікті жеке пайдалану мақсатында рәсімдеген жағдайда кедендік төлем төленеді. Мөлшері есептеу тәсіліне қарай көлік құнының 48 пайызын құрайды немесе қозғалтқыштың әр текше сантиметрі үшін 1,5 еуроға тең. Заңды тұлғалар үшін автокөлік типін мақұлдау құжаты бойынша рәсімделіп, кедендік баж мөлшерлемесі 15 пайыз болады.
Тегтер #24KZ #көлік #шетел #автонарықPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz