RU
Толық нұсқаға өту

Атырау облысында 45 ауыл интернетке қосылады

30.09.2026, 08:33 43

Атырау облысындағы 45 елді мекенге талшықты-оптикалық интернет желісі тартыла бастады.

Шілде айынан бері шалғайдағы 9 ауыл ғаламтор желісіне қосылды. Биыл шамамен 400 шақырым магистральдық және талшықты-оптикалық байланыс желісін жүргізу көзделген. Бұл жұмыстар «Қолжетімді интернет» ұлттық жобасы аясында жүзеге асырылуда. Бүгінде облыстағы 153 елді мекеннің 146-сы интернетпен қамтылған. Сонымен қатар өңірде мобильді интернет сапасын арттыру мақсатында 5G базалық станциялар қондырыла бастады.

Аман Сұлтанов, цифрландыру және архивтер басқармасы басшысының міндетін атқарушы:

- Қазіргі таңда 181 базалық станция орнатылды. Оның 141-і Атырау қаласында, 25-і Құлсарыда, 7-еуі Құрманғазы ауылында. Қалған аудандарда бір-бірден базалық станциядан орнатылған. Биыл жоспарланған 64 базалық станцияның 56-сы пайдалануға берілді. Қалған станциялар жыл соңына дейін іске қосылады.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz