RU
Толық нұсқаға өту
фото: depositphotos.com

Жетісуда 1 келіге жуық мефедрон үшін сотталған әйелдің ісі қайта қаралады

30.09.2026, 12:27 51

Жетісу облысында ірі көлемдегі мефедрон тасымалдағаны үшін ұсталған әйелдің қылмыстық ісі қайта қарауға жіберілді, деп хабарлайды 24KZ.

Бас прокуратура мәліметінше, әйелдің көлігінен 962 грамм мефедрон табылған. Жеке заттарының арасынан да аз мөлшерде психотроптық зат анықталған.

Сот оны психотроптық затты өткізу мақсатынсыз заңсыз сақтағаны үшін 3 жылға бас бостандығынан айыды.

Алайда кейін іс материалдарындағы электронды хат алмасу мен есірткіні тасымалдау мән-жайлары қайта қарауды қажет еткен. Себебі тергеу кезінде әйелдің мефедронды басқа адамдарға өткізу мақсатында тасымалдаған- тасымалдамағанын анықтау қажет болған.

Сонымен қатар тәркіленген 962 грамм мефедрон аса ірі мөлшерге жатады. Осы жайттар ескеріліп, прокурор сот үкіміне наразылық білдірген.

Кассациялық сот прокурордың наразылығын қанағаттандырып, алғашқы үкімнің күшін жойды. Қылмыстық іс енді жаңадан қаралады.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz