RU
Толық нұсқаға өту
фото: кадрдан

Бала алиментін жылдар бойы күтпеуі керек – Лариса Ли

30.09.2026, 13:00 50

Құрылтай депутаты Лариса Ли алименті уақытылы төленбейтін отбасыларға баспана, жалдау ақысы, коммуналдық шығындар мен кредиттік жүктемені өтеуге қатысты қосымша қолдау шараларын әзірлеуді ұсынды, деп хабарлайды 24KZ.

Депутаттың айтуынша, сот алимент өндіру туралы шешім шығарғанымен, кей жағдайда балаға тиесілі қаражат жылдар бойы төленбейді. Кей борышкерлер нақты табысын жасырып, мүлкін бүркемелеуге тырысады. Соның салдарынан сот шешімі болғанымен, балаға қажетті қаржылай көмек уақытында жетпейді.

Осыған байланысты Лариса Ли борышкерлердің нақты табысы мен мүлкін цифрлық платформалар және басқа да ақпарат көздері арқылы анықтау тетігін күшейтуді ұсынды. Сонымен қатар алимент төленбеген кезеңде отбасыға мемлекеттік қолдау көрсетудің нақты жүйесін қалыптастыру қажет екенін атап өтті.

Әсіресе мүгедектігі бар бала тәрбиелеп отырған отбасыларға қосымша көмек қажет. Депутат мұндай отбасылардың баспана, жалдау ақысы, коммуналдық шығындары, мектепке дейінгі білім беру және кредиттік жүктемесіне қатысты қолдау шараларын қарастыруды ұсынды.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz