RU
Толық нұсқаға өту

Елде «жұмыссыз» мәртебесін беру мерзімі ұзартылады

30.09.2026, 14:02 47

Сондай-ақ оларға әлеуметтік төлем беру шарттары өзгереді.

Бұл жоба ертеңнен бастап пилоттық режимде жүзеге асады. Қазір жауапты ведомство тұрғындарды нақты жұмыспен қамтуға басымдық беріп, тиісті тетіктерді жетілдіріп жатыр. 

26 жастағы Жанна Баукенованың үшінші топтағы мүгедектігі бар. Мамандығы педагог болғанымен, өзін басқа салада сынағысы келеді. Алайда жұмыс берушілер денсаулығында кінәраты барын естігенде теріс айналады. Кейін жұмыспен қамту орталығына жүгініп, сол жерден көңіліне қонған қызметке орналасады. 

Жанна Баукенова, қала тұрғыны:

- Мен бірнеше мекеменің табалдырығын тоздырдым. Жұмыс берушілер үшінші топтағы мүгедектігі барын естігенде есікті тарс жабатын. Педагог болғым келмеді. Кейін Жұмыспен қамту орталығының мамандары маған жақсы жұмыс орнын тауып берді. Қазір кадр бөлімінің испекторы болып еңбек етемін. Жұмысым өзіме қатты ұнайды.

Альмира Оразбай, тілші: 

- Былтыр мүгедектігі бар 8 мың азамат жұмысқа орналасты. Биыл қамкөңіл жандарды еңбекпен қамтуға 16 мыңнан астам квота бөлінді. Қазір еңбек ресурстары дағдыларын дамыту үшін жұмыс берушілердің сұранысы бойынша оқу ұйымдарында қажетті дағдыларды оқыту және тәлімгермен жұмыс орнында кәсіптік оқыту жұмыстары жүргізіліп жатыр. 

2025 ж. – 8,1 мың азамат

2026 ж. – 16,7 мың азамат 

-қажетті дағдыларды оқыту

-тәлімгермен жұмыс орнында кәсіптік оқыту

Жанар Мұсабекова, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі департаментінің бас сарапшысы:

- Ағымдағы жылдың 1 қыркүйегіндегі жағдайға келсек, елдегі Мансап орталықтарына мүгедектігі бар 24 мыңнан астам азамат жүгінді. Әлеуметтік кодекс шеңберіндегі жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына 15 мыңнан астам адам тартылды. Осы айда барлығы 8  600 қамкөңіл жан еңбекпен қамтылды. Олардың 3 мыңнан астамы тұрақты жұмысқа, 5 мыңға жуығы субсидияланатын жұмыс орнына тұрақтады.  

Альмира Оразбай, тілші: 

- Айтқандай, ертеңнен бастап «жұмыссыз» мәртебесін беру мерзімі 2 күннен 13 күнге ұзартылады. Сондай-ақ жұмыссыздарға әлеуметтік төлем беру мерзімі әрі шарттары да өзгергелі отыр. Бұған дейін азаматтың міндетті әлеуеметтік сақтандыру жүйесіне қатысу ұзақтығына қарай төлемдер 6 айға дейін төленіп келсе, жаңа пилоттық жоба ең көбі үш аймен шектеледі. 

Жұмыс іздеу мерзімі 2 күннен 13 күнге ұзартылады

МӘМС жүйесіне 

6 айдан 12 айға дейін қатысқандарға – 1 ай әлеуметтік төлем

12 айдан 24 айға дейін қатысқандарға – 2 ай әлеуметтік төлем

24 айдан көп қатысқандарға – 3 ай әлеуметтік төлем 

Авторлары: Альмира Оразбай, Досбол Байділдин

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz