Ауаға зиянды қалдықтар тастайтын кәсіпорындар 20 минут сайын қадағаланады. Үздіксіз бақылау арқылы алынған ақпарат Ұлттық деректер банкіне түсіп, құзырлы органдардың қарауына өтеді.
Автоматтандырылған мониторинг жүйесін енгізу тек ірі өнеркәсіп орындарына міндеттелген. Саны – 113. Әзірге 90 мекеме орнатқан. Экологиялық кодекстің 186-бабына сәйкес өндіріс ошақтарының мұржалары мен ағынды су жүйелерінен шыққан күйе мен күлі көзден таса болмайды. Барлық мәліметке салалық министрліктен бөлек, құқық қорғау органдары да нақты уақыт көрінісінде қаныға алады. Қазір олардың ақпараттық алаңдарын бір-біріне байлау ісі жүргізіліп жатыр. Ал оған дейін аяқтай барып, тексеру жалғаса береді. Кейінгі 2 жылда автоматтандырылған мониторинг жүйесін орнату талабын бұзғандарға 31 млн теңге айыппұл салынған.
Ерболат Қожықов, ҚР Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің төрағасы:
- Бұл статистика ретінде жиналып отырған ақпарат емес. Жүйе сенбі-жексенбіге қарамай, тәулік бойы жұмыс істеп, көрсеткіштерді автоматты түрде анықтап, бақылап отырады. Норма көрсеткіштерінен асып кеткен жағдайда жүйе қызыл түспен белгі береді. Әрине, бұл жерде тиісті мамандар бар. Олар жүйені бақылап отырады. Нормадан асып кеткен жағдайда ақпарат автоматты түрде кәсіпорындарға жіберіледі. Бұл «Сергек» жүйесіндегі айыппұл секілді: оны бір аптаның ішінде 50 пайыздық жеңілдікпен төлеу міндетті. Төленбеген жағдайда сотқа жүгінуге құқығы бар.
Тегтер #Ірі кәсіпорындар #экологиялық бақылау #зиянды қалдықтарPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz