Ақтөбе су қоймасындағы балықтар мен құстардың қырылу себебі анықталып жатыр. Оқиғаға байланысты экологтар, балық шаруашылығы және ветеринария саласының мамандары қоймадан тиісті сынамалар алды.
Облыс орталығына жақын орналасқан жасанды көлдегі су жәндіктерінің қырылып жатқаны туралы тұрғындар әлеуметтік желіде хабарлаған. Қазір жағалаудың әр жерінен шағалалардың да өлекселері табылуда. Осыған байланысты мамандар судағы тіршілік иелерінің жаппай қырылуына не себеп болғанын анықтау үшін қойманың экологиялық жағдайын жан-жақты зерделеуге кірісті.
Талап Ұснадин, облыстық Экология департаменті басшысының орынбасары:
- Үш жерден су сынамалары алынды. Атап айтқанда, «Қандыағаш–Ақтөбе» тас жолының маңынан, Ақтөбе суқоймасының жоғарғы жағынан, Ақтөбе құс фабрикасының маңынан және суқойманың төменгі жағынан сынамалар алынды. 4-5 күн ішінде зертханалық жұмыстар жүргізіліп, қорытындылары шығады. Сол кезде нақты неден болғанын айтатын боламыз.
Тегтер #Ақтөбе #құстар #су қоймалары #сынамаPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz