RU
Толық нұсқаға өту
ЖИ

Сәбиін емізіп отырып ұйықтап кетіп, абайсызда өлтіріп алған анаға сот үкімі шықты

01.10.2026, 09:32 54

Ақмола облысында нәрестесін емізіп отырып ұйықтап кетіп, абайсызда сәбиін өлтіріп алған анаға сот үкімі шықты, деп хабарлайды «24KZ».

Іс материалдарына сәйкес, әйел түнде нәрестесін емізіп отырып қалғып кеткен. Біраз уақыттан кейін оянған кезде баланың қимылсыз жатқанын байқаған. Шақырту бойынша шұғыл жеткен жедел жәрдем қызметкерлері сәбидің тұншығып көз жұмғанын анықтады. Дәрігерлер сәбидің ауа жетпегеннен көз жұмғанын анықтады. Сонымен қатар әйелдің кешкісін қонақта ішімдік ішкені анықталған. 

Сот отырысында айыпталушы өз кінәсін толық мойындады. Өз кезегінде прокурор сотталушыны түрмеге қамауды емес, бас бостандығын шектеу жазасын тағайындауды сұрады.

Жаза тағайындау барысында сот әйел адамның шын жүректен өкінгенін жазаны жеңілдететін мән-жай деп, ал қылмысты алкогольдік масаң күйде жасағанын жазаны ауырлататын мән-жай деп ескерді - делінген сот шешімінде.

Нәтижесінде, сот үкімімен әйелге 1 жыл 6 айға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалып, пробациялық бақылау белгіленді.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz