Петропавлда қырағылық танытқан полицей алаяқтардың арбауына түскен 69 жастағы қала тұрғынының ірі көлемдегі қаражатын сақтап қалды, деп хбарлайды «24KZ».
Зейнеткер алаяқтардың телефон арқылы жасаған айласына алданып қалған. Алдымен белгісіз біреулер өздерін домофон компаниясының қызметкері ретінде таныстырып, жабдықты ауыстыруға байланысты кілттің істен шыққанын айтқан. Оны қалпына келтіру сылтауымен зейнеткерден SMS-кодты сұрап алған.
Артынша «жалған банк қызметкерлері» хабарласып, шоттарына біреулер қол жеткізгенін мәлімдеген. Жинақтарын сақтап қалу үшін ақшаны дереу шешіп, «қауіпсіз шотқа» аударуды талап еткен. Қылмыскерлер телефон арқылы үнемі байланыста болып, «егер қасыңызға біреу келіп өзін полицеймін деп таныстырса, сенбеңіздер» деп алдын ала құлаққағыс етіп қойған.
Нәтижесінде, 2,7 миллион теңге жинағын аудару үшін сауда үйіндегі банкомат кезегінде тұрған әйелді штаттық киімдегі полиция қызметкері байқап қалды.
Полицей жақындап, қызметтік куәлігін көрсеткенімен, зейнеткер алаяқтардың алдын ала айтқан сөзіне сеніп, оған бірден сенімсіздік танытқан. Дегенмен тәртіп сақшысы әйелді сабырға шақырып, алаяқтардың әдісін түсіндіріп, ақшаны аудармауға көндірді.
Жедел әрі кәсіби әрекеттің арқасында пенсионердің қаражаты толықтай сақталып, материалдық шығын келтірілген жоқ.
Тегтер #24жаңалықтар #алаяқтар #Петропавл #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz