RU
Толық нұсқаға өту
Фото: depositphotos.com

Алматы облысында 28 жастағы әйел зорланды

01.10.2026, 10:09 50

Қонаев қаласында шетелдік әйелді зорлады деген күдікпен екі ер адам ұсталып, қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды «24KZ».

Алматы облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі әйелдің арызы бойынша тергеу басталғанын мәлімдеді.

«Әйелдің арызында оқиғаның Қонаев қаласында болғаны көрсетілген. Алғашқы тергеу және жедел-іздестіру шаралары барысында арызда көрсетілген екі ер адам анықталып, ұсталды және жеткізілді», – деп хабарлады полиция департаменінен.

Олар уақытша ұстау изоляторына қамалды. Полиция өкілдері оқиғаның барлық мән-жайы мұқият тексеріліп, оған тиісті құқықтық баға берілетінін атап өтті.

«Қазіргі уақытта қажетті тергеу және жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр. Тергеу Алматы облысы Полиция департаментінің Тергеу басқармасына тапсырылды», – деп толықтырды ведомство.

«24KZ» Telegram-арнасына жазылыңыз

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz