RU
Толық нұсқаға өту
фото: коллаж

Қазақстанда LRT үшін жаңа полиция басқармасы құрылады

01.10.2026, 12:47 51

Қазақстанда LRT нысандарында жұмыс істейтін жеке көлік полициясы басқармасы құрылады. Тиісті қаулыға Премьер-министр Олжас Бектенов қол қойды, деп хабарлайды 24KZ.

Құжатқа сәйкес, Ішкі істер министрлігінің Көліктегі полиция департаментінің құрылымында жаңа мемлекеттік мекеме – LRT нысандарындағы көлік полициясы басқармасы пайда болады.

Жаңа бөлімшені қаржыландыру республикалық бюджеттен, Ішкі істер министрлігін ұстауға қарастырылған қаражат шегінде жүзеге асырылады.

Сондай-ақ басқарма министрлікке қарайтын аумақтық органдар мен бөлімшелердің тізіміне енгізіледі.

Жарияланған қаулы бөлігінде жаңа басқарманың штат саны және оның жауапкершілік аймағына кіретін нақты нысандар туралы басқа мәліметтер көрсетілмеген. Құжаттың бір тармағы қызметтік пайдалануға арналған.

Қаулы 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz