Бүгін – Халықаралық қарттар күні. Елде 60 жастан асқан азаматтар саны биыл 3 млн-ға жуықтады, деп хабарлайды «24KZ».
Бұл – ел халқының шамамен 14 пайызына тең. Оның 1 млн 163 мыңнан астамын ерлер, 1 млн 760 мыңын әйелдер құрап отыр. Аймақтарға жіктейтін болсақ, егде жастағы тұрғындардың дені Түркістан, Қарағанды, Алматы облыстарында және Астана мен Алматы қаласында орналасқан. Бұл ретте ауылдық елді мекендерде 1 млн-нан аса азамат тұрақтаса, 1 млн 900 мыңға жуығы шаһарларда шоғырланған көрінеді. Олардың 465 мыңы жұмыспен қамтылып, 2 жарым млн-ға тарта азамат зейнеткерлікке шыққан. Ал ғасыр жасаған қариялардың саны 1300-ден асты.
Тегтер #24KZ #Қарттар күні #зейнеткер #қарттарPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz