RU
Толық нұсқаға өту

AI & Digital Bridgе: Астанада озық IT өнімдердің көрмесі өтеді

01.10.2026, 15:20 44

30 мың қатысушы, 300-ден астам сарапшы және жүзден аса технологиялық компания. Биылғы AI & Digital Bridge форумына цифрлық саланың кіл мықтылары жиылған.

Қазанның 1-3 аралығында өтетін халықаралық іс-шарада бес түрлі бағытқа басымдық берілген. Олар: робототехника, IT мамандығының эволюциясы, жасанды интеллектіге негізделген экономика құрудағы құқықтық нормалар, мен мемлекеттік басқарудың халықаралық тәжірибесі. Форум аясында Astana Hub Battle стартаптар байқауы ұйымдастырылып, жеті аталым бойынша AI & Digital Bridge жүлдесі сарапқа салынады. Бұдан бөлек, келушілер назарына IT өнімдердің көрмесі мен стартаптар аллеясы ұсынылады. Сондай-ақ жасанды интеллект көмегімен жасалған фильмдер фестивалі өтеді. Астанада болатын шығармашылық фестивальға 125 елден 8 мың туынды тіркеліпті. Елорда жұртшылығы мен қала қонақтары EXPO көрме орталығындағы іс-шараны ертең және бүрсігүні көре алады.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz