RU
Толық нұсқаға өту
Фото: ЖИ көмегімен жасалған

Қарттарды әлеуметтік қолдауға 6,6 млрд теңгеден астам қаржы бағытталды

01.10.2026, 14:58 47

Бүгін – Халықаралық қарттар күні. Қазақстанда жасы бойынша зейнетақы алатын 2,6 млн-ға жуық адам бар. Биыл қарт азаматтарды әлеуметтік қолдауға 6,6 млрд теңгеден астам қаражат бағытталды. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды «24KZ».

Министрлік мәліметінше, қаражат жергілікті бюджеттер мен бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында бөлінген. Жалпы 120 мыңға жуық қарт азаматқа қолдау көрсетіледі. Қаражат қатты отын, дәрі-дәрмек сатып алуға, коммуналдық қызметтерді төлеуге, емделуге және санаторий-курорттық сауықтыруға, сондай-ақ басқа да әлеуметтік көмек түрлеріне жұмсалады.

Қарттар күніне орай бірқатар өңірде белгілі санаттағы қарт азаматтарға біржолғы материалдық көмек көрсетіледі. Астана қаласы, Ұлытау, Павлодар және Ақмола облыстарында зейнетақысы ең төменгі мөлшерде немесе одан төмен азаматтарға көмек беріледі. Маңғыстау облысы мен Шымкент қаласында 70 жастан асқан тұрғындар, Қарағанды облысында 75 жастан асқан азаматтар қамтылады. Ал Түркістан облысында үйде арнаулы әлеуметтік қызмет алатын жалғызбасты қарт адамдарға төлем жасалады.

Осы санаттар бойынша біржолғы көмектің жалпы сомасы 3,8 млрд теңгені құрайды. Төлем 274,2 мың адамды қамтиды.

Сонымен қатар 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап ынтымақты зейнетақы 10%-ға арттырылды. Базалық зейнетақының ең төмен мөлшері ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70%-ына, ал ең жоғары мөлшері 118%-ына дейін ұлғайтылды.

«24KZ» Telegram-арнасына жазылыңыз

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz