RU
Толық нұсқаға өту
фото: ҚТЖ

Қазақстанда пойыз билеттері арзандады

01.10.2026, 15:14 45

Қазақстанда жолаушылар пойыздарының билеттері 10%-ға арзандады, деп хабарлайды 24KZ «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жеңілдік 2026 жылғы 1 қазаннан 31 желтоқсанға дейін қолданылады. Ол ұлттық тасымалдаушы пойыздарындағы барлық вагон түрлеріне, сондай-ақ қала маңындағы пойыздарға қатысты.

Жолаушылар билеттерді жеңілдікпен bilet.railways.kz ресми сайтынан және теміржол вокзалдарының кассаларынан сатып ала алады.

Қосымша ақпаратты 1433 тегін нөмірі арқылы немесе «Жолаушылар тасымалы» АҚ-ның Instagram желісіндегі ресми парақшасынан алуға болады.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz