Батыс Қазақстан облысында әйелінің суретіне лайк басқан танысын пышақтап кеткен ер адамға қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды «24KZ».
Оқиға 10 мамырда сағат 02:00 шамасында Жәнібек ауданында болған. Сот анықтағандай, екі ер адамның арасындағы жанжалға жәбірленушінің сотталушының әйелінің Instagram желісіндегі суреттеріне белсенді түрде лайк басуы себеп болған.
Жанжал кезінде ашуға булыққан ер адам алдын ала дайындап қойған жиналмалы пышағын шығарып, танысына үш рет соққы жасаған - екі рет іш тұсына және бір рет жауырын тұсына сұғып алған. Салдарынан жәбірленушіге ауыр дене жарақаты келтірілді.
Сот отырысында сотталушы өз кінәсін толық мойындап, шын жүректен өкінетінін айтып, жәбірленушіден кешірім сұрады. Ол соттан бас бостандығынан нақты айырмауды сұраған.
Дегенмен, сот ер адамды кінәлі деп танып, 3 жылға шартты түрде бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Қазіргі таңда сот үкімі заңды күшіне енді.
Тегтер #лайк үшін пышақтау #БҚО #әлеуметтік желі #24жаңалықтар #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz