Қазақстанда жас отбасылар үшін аға буынның пікірі мен қолдауы маңызды рөл атқарады. Бұл Қазақстандық қоғамдық даму институты (ҚҚДИ) жүргізген әлеуметтік зерттеу нәтижелері, деп хабарлайды «24KZ».
77,9% қазақстандық маңызды отбасылық шешімдер қабылдау кезінде аға буынның пікірін міндетті түрде ескеру қажет деп санайды.
91,5% респондент ата-аналардың жас отбасына көрсететін көмегі отбасының өміріне нақты пайда әкелетінін атап өткен.
Сауалнамаға қатысушылардың пікірінше, ата-аналардың тәжірибесі мен қолдауы жас отбасылардың тұрмысында маңызды рөл атқарады. Сонымен бірге отбасылық мәселелер бойынша шешім қабылдауда аға буынның пікірін ескеру дәстүрі де сақталған.
Айта кетейік, бүгін, 1 қазан – Халықаралық қарттар күні.
«24KZ» Telegram-арнасына жазылыңыз
Тегтер #24KZ #24жаңалықтар #отбасы #Қарттар күніPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz