RU
Толық нұсқаға өту

QazaqGaz компаниясы Алматыда автоматты газ толтыру станциясын іске қосты

01.10.2026, 16:11 46

QazaqGaz ұлттық компаниясы кезекті автоматты газ толтыру станциясын іске қосты.

Жаңа бекет Алматыдағы Көкқайнар шағын ауданында орналасқан. Мұнда автокөліктерге сығылған табиғи газ құйылады. Жоба Almaty Build серіктестігімен бірлесіп жүзеге асты, деп хабарлайды 24KZ.

QazaqGaz қоғамдық көліктерге газ құю станцияларын көбейтіп жатыр. Көгілдір отынның тиімділігі - ауаға бөлінетін зиянды қалдықтар азаяды. Яғни түтін шықпайды. Газ жанған кезде қозғалтқышта күйе түзілмейді. Бұл жоба Алматыдағы  қоғамдық көлікті экологиялық таза отынға көшіруді жеделдетіп,  инфрақұрылымын жақсартады.

Әлібек Жамауов, "QazaqGaz" ҰК" АҚ Басқарма төрағасы:

- Қазір «QazaqGaz» Ұлттық Компаниясының осындай алты автоматтандырылған газ толтыратын және франшиза бойынша жұмыс істейтін  екі станциясы бар.  Тағы біреуін келесі жылы Жетісу облысында ашуды көздеп отырмыз.  Бұл жұмыс  осылай жалғаса береді. Алдағы жоспарымыз ауқымды.

Жаңа станцияның қуаттылығы сағатына 4400 текше метр. 8 газ толтыру бағанасы және 16 газ құю нүктесімен жабдықталған. Күніне 300-ден астам автобусты қабылдай алады.

Болат Ибрашев, "Almaty Building & Co" ЖШС Бас директоры:

- Бұл біздің компаниямыз үшін өте маңызды жоба. Алматы үшін ерекше инфрақұрылым нысаны дер едім. Осы жобаға шамамен 3 млрд теңге жеке инвестиция салынды. Бұл «QazaqGaz Өнімдері» желісін дамыту бойынша ұзақ мерзімді даму стратегиясының бөлігі ғана. Біз еліміздің әр өңірінде осы брендпен  20-дан астам газ толтыру станциясын салуды жоспарлап отырмыз.

Жаңа станцияның іске қосылуы табиғи газдың қолжетімділігін арттырады. Мегаполистің газ құю инфрақұрылымына түсетін жүктемені азайтады. Сығылған табиғи газбен тұрақты түрде қамтамасыз етеді.

Қарлығаш Қайыпбекова, Айдос Қалиев

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz