RU
Толық нұсқаға өту

Көкшетау вокзалы жаңартылды

01.10.2026, 17:46 50

Көкшетаудың ескі вокзалы жаңартылып, пайдалануға берілді.

1981 жылы салынған ғимарат әбден ескірген еді. Енді заман талабына сай жаңа кешенге айналды. Жалпы Ақмола облысында теміржол вокзалдарын жөндеу толық аяқталды. Өңірде соңғы бір жылда 16 вокзал жаңарды.

Көкшетаулықтардың көңілі көтеріңкі. Бірі билеп шаттанса, енді бірі жаңа вокзалдың алдында суретке түсіп мәз-мейрам. Өйткені олар жаңа нысанның ашылуын көп күтті. Бір ерекшелігі – жаңартылған вокзалдың жаңа қаспетін жергілікті халық дауыс беру арқылы өздері таңдады.

Бахтияр Төлеубай, Көкшетау қаласының тұрғыны:

- Бірнеше нұсқа болды. Мен өзім әлеуметтік нұсқалар арқылы білдім жергілікті. Мен де дауыс бердім. Маған ерекше бір ұнаған нәрсе бұрынғы ғимараттарды толық өзгертіп тастайды. Бірақ бізде бір символикасы қалды. Өздеріңіз кірген кезде жоғары жаққа қарасаңыздар 1981 жылғы эскиздар қалған екен. Маған өте қатты ұнады. 

Балталы Сәрсенбай, Көкшетау қаласының тұрғыны:

- Мен Көкшетау қаласына осыдан алпыс жыл бұрын келдім. Ол кезде кішкентай ғана жұпыны вокзал болушы еді. Ал енді бүгінгі салтанатты вокзалдың көрінісін көріп, үлкен бір толғанысқа бөленіп отырмыз. 

Былтыр Президент елде 124 теміржол вокзалын жаңартуды тапсырды. Өңірде бұл тізімге 16 нысан енген болатын.

Марат Ахметжанов, облыс әкімі:

-  Оның тоғызы жаңадан салынды. Жетеуі күрделі жөндеуден өтті. Күрделі жөндеу дегенде бүкіл инфрақұрылымы, су, жылу, әйнек-терезесі барлығы ауыстырылды. Және осы қазіргі заман талаптарына сай лифтілер жаңа.

Ақмола облысы агралы әрі туристік аймақ. Бір жылдың өзінде өңірге бір жарым миллионға жуық адам саяхаттап келеді. Сондықтан жаңартылған нысандар өңірдің экономикалық, һәм туристік әлеуетін арттыруға септігін тигізері анық. 

Абзал Азаматұлы, Евгений Шинкаренко

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz