Жапонияда Азия ойындарына қатысқан жеңіл атлеттер елге оралды.
Спортшыларды бүгін жанкүйерлер Алматы халықаралық әуежайында салтанатты түрде қарсы алды. Қала тұрғындары спорттық жүрістен күміс медаль иегері Кристина Морозованы, биіктікке секіруден екінші орын алған Кристина Овчинниковаға ерекше құрмет көрсетті. Кедергілер арқылы жүгіруден күмісті олжалаған Нора Джеруто да қошеметке бөленді. Әсіресе Ясмина Тоқсанбаеваға жиналған қауымның ықыласы ерекше. Ол 42 шақырым 195 метрге созылған марафондық спорттық жүрісте мәреге бірінші болып жеткен. Алайда жарыстан кейін спортшының нәтижесі есепке алынбады. Бұған оның спорттық аяқ киімінің техникалық талаптарға сәйкес келмеуі себеп болған. Соған қарамастан спортшы жігерін жасытпай, жарыс нәтижесі қайта қаралады деген үмітте.
Ясмина Тоқсанбаева, ХХ Жазғы Азия ойындарының қатысушысы:
- Бұл хабарды естіген кезде команданың шатырында жатқан едім. Маған өте ауыр тиді. Жұрт менен теріс айналып, мені жек көріп кетеді деп қорықтым. Бірақ қазір Мексикадан, Қытайдан спортшылар маған хабарласып жатыр. Бәрі мені қолдап жатыр.
Аянат Жұмағали, ауыр атлетикадан ХХ Жазғы Азия ойындарының күміс жүлдегері:
- Өзім күткен нәтижені алдым. Әрине алтын деп келдім, барлық спортшы алтын деп келеді деп ойлаймын. Бірақ өзім алты подход жасағаннан кейін өзіме ризамын. Әрине қиындықтар болды. Себебі барлық жарыс қиындықтармен келеді. Жаттығуда жасаған көтерген салмақтарымның барлығы ақталды.
Тегтер #Азия ойындары #24KZ #Азиада 2026Phone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz