40 жылдан бері жөндеу көрмеген Шу вокзалы жаңғыртудан өтті.
Нысанды күрделі жөндеуге республиклика бюджетінен 6 млрд теңге бөлінді. Жалпы ауданы 8 мың шаршы метрден асатын вокзал ғимаратының қасбеті, шатыры мен инженерлік жүйелері жаңғыртылып, перрон абаттандырылды. Тоғыз жолдың торабында тұрған станция арқылы 48 жолаушылар пойызы, 100-ге тарта жүк пойызы қатынайды, деп хабарлайды 24KZ. Тәулігіне 1,5 мыңнан аса адам аялдайды. Айта кетейік, Президент тапсырмасымен Жамбыл облысындағы ескірген бес станцияны күрделі жөндеуге 14,1 млрд теңге бөлінді. Қазір оның үшеуі пайдалануға берілді. Тараз бен Отар вокзалдарында құрылыс жұмыстары жақында аяқталады.
Шәмшат Смағұлова, қала тұрғыны:
- Бұл вокзал біздің бала кезіміздегі вокзал еді. Осы уақытқа дейін бір жөндеуден өткен жоқ еді. Бірақ бүгінгі күнде вокзалымызды танымай қалдық. Бұл енді ел игілігіне берілген үлкен сый.
Манат Сатова, қала тұрғыны:
- Біз өте қуаныштымыз қала тұрғындары. Бұрынғы уақытта біздің вокзалымыз өте ескі болатын. Күрделі жөндеуден өтіп, әдемі вокзалдың ішінде болғанымызға өте қуаныштымыз.
Тегтер #Жамбыл облысы #вокзал #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz