«Заң мен тәртіп» және «Таза Қазақстан» қағидаттары бірін бірі толықтырып тұр. Өйткені тазалық әр аула, көше, қоғамдық орындардағы тәртіптен басталады.
Бұл істе полицейлерге заманауи технология көмектеседі. Яғни бейнекамералар тәртіпті бақылап тұр. «Дегенмен ең бастысы, адамның жеке жауапкершілігі маңызды», - дейді мамандар .
Құралай Карина, ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары:
- Ең бастысы, құқық бұзушылықтың алдын алу және оның қайталануына жол бермеу. Осы мақсатта бейнебақылау жүйелері мен заманауи цифрлық мүмкіндіктер қолданылуда. Патрульдік полиция мен учаскелік инспекторлардың жұмысы күшейтіліп, түсіндіру және алдын алу шаралары жүргізілуде. Алайда қоғамдық тәртіпті тек полицияның күшімен қамтамасыз ету мүмкін емес. Бұл жерде азаматтардың белсенділігі ерекше маңызды.
Тегтер #Заң мен тәртіп #Таза Қазақстан #полицияPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz