RU
Толық нұсқаға өту
фото: ЖИ

Астанада дрифт жасаған 18 жастағы жүргізуші 10 тәулікке қамалды

02.10.2026, 09:06 58

Астанада Mercedes-Benz көлігімен дрифт жасап, қауіпті маневрлерге барған 18 жастағы жүргізуші жауапқа тартылды, деп хабарлайды 24KZ.

Полиция мәліметінше, жүргізуші түнгі уақытта арнайы жарық сигналдарын қоспай, жол қозғалысы ережесін бұзған. Оның әрекетінен жол жабыны да зақымдалған.

Жүргізуші маневр жасау қағидаларын бұзғаны, жолды бүлдіргені, міндетті сақтандыру шартын жасамағаны, қарсы бағыттағы қозғалыс жолағына шыққаны және тыныштықты бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Бұдан бөлек, ұсақ бұзақылық жасағаны үшін сот шешімімен 10 тәулікке әкімшілік қамауға алынды.

Автокөлік коммуналдық тұраққа қойылды.

Полиция жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін сақтап, айналадағылардың қауіпсіздігіне қатер төндіретін қауіпті маневрлерге жол бермеуге шақырды.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz