Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің (ҰҚК) Бас прокуратурамен бірлескен жұмысы нәтижесінде «Семей орманы» мемлекеттік орман табиғи резерватындағы ағаштарды жаппай заңсыз кесу схемасының жолы кесілді, деп хабарлайды 24KZ ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Тергеу мәліметінше, іс фигуранттары ағаштарды жаппай заңсыз кесу және сату бойынша тұрақты схема ұйымдастырды деген күдікке ілінген. Олар ақшалай сыйақы үшін орманның ең құнды учаскелеріне кедергісіз кіруге мүмкіндік берген.
Тінту кезінде бухгалтерлік құжаттар, ағаш кесуге арналған орман орамдары мен ақша қаражатын бөлу туралы қолжазба жазбалар, сондай-ақ өзге де заттай дәлелдемелер тәркіленді.
Қазір Қылмыстық кодекстің 366-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.
Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес, тергеуге қатысты өзге ақпарат жарияланбайды.
Тегтер #24жаңалықтар #24KZ #Семей #Семей орманыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz