RU
Толық нұсқаға өту

Өскеменде Ертістің үстінен жаңа алты жолақты көпір салынып жатыр

02.10.2026, 13:47 50

«Жаңа өткел пайдалануға берілген кезде көлік кептелісті азайып, жол қозғалысы жеңілдейді», - дейді жоба авторлары. 

Алты жолақты көпірдің ұзындығы 800 метрден асады. Гидротехникалық құрылғы жоспар бойынша екі жылдан кейін пайдалануға беріледі. 

Эльмира Ахметова, тілші:

- Ертістің үстінен тағы бір көпір салу керек деп инженерлер талай жылдан бері айтып жүр. Себебі шаһар үлкейді. Әсіресе сол жағалаудағы халық саны өскен. Күн сайынғы кептелісте жұрт жолынан қалатын. Ақыры міне, жаңа өткелдің құрылысы басталды. Алты жолақты гидроқұрылғы екі жыл ішінде салынып бітуі тиіс.

Дәулет Маратбеков, облыстық Жолаушылар  көлігі және автомобиль жолдары басқарма басшысының орынбасары:

- Жалпы сомасы 101 млрд теңге, бүгінгі таңда бұл жобаға 15 млрд теңге бөлініп отыр, қазіргі таңда дайындық жұмыстарын бастаймыз. Көлік интенсиві қарқынын азайту үшін тұрғындардың жүріп-тұруына жағдай жасау үшін салынып жатыр.

Мамандардың сөзінше, қалада қазір 140 мыңға жуық көлік бар. Қазақстан көшесімен Сәтбаев даңғылын байланыстыратын негізгі көпірдің жүктемесі жоғары. Бұл жермен күніне 70 мыңдай транспорт өтіп жатыр. Ал жаңадан салынатын көпір қаладағы ең кең әрі ең ұзын өткелге айналады. Сондықтан бұл іске Бұқтырма көпірін салған тәжірибелі мамандар жұмылдырылды.

Нигматулла Абдулхақов, «ОблШығысЖол» ЖШС директорының орынбасары:

- Бұл қаладағы жол тораптарының ең маңызды бөлігі болады. Яғни орталықтағы көлік қозғалысы бірден жеңілдейді. Құрылымы болат, бетон, темір материалдардан тұрғызылады. Құрылыс оңай емес, өйткені өзенен өтеді. Дегенмен межелі уақыт ішінде салып береміз деген ойдамыз. Кадр жеткілікті. Техника дайын.

Жаңа өткел салынса, нысан Ертістің үстімен өтетін осымен 4-ші көпір болады. Жалпы бұл Өскеменде кептелісті азайтуға бағытталған жалғыз жоба емес. Бүгінгі күні шаһар тарихында бұрын соңды болмаған екі деңгейлі жолайырық салынып жатыр. Ол аяқталса, бес бірдей көше қиылысатын күрделі жол торабынан автокөліктердің өту мүмкіндігі 2,5 есеге артады.

Авторлары: Эльмира Ахметова, Дмитрий Пыхтин

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz