«Семей орманы» мемлекеттік орман резерватында лауазымды тұлғалар жемқорлыққа жол берген.
Ұлттық қауіпсіздік комитеті Бас прокуратурамен бірлесіп жүргізген операция барысында күдіктілер ұсталып, тергеліп жатыр. Күдіктілер ақшалай сыйақы үшін орманның құнды учаскелеріне заңсыз ағаш кесушілердің кедергісіз кіруін қамтамасыз еткен. Олардан тінту кезінде бухгалтерлік құжаттар, орман учаскелерін бөлуге қатысты қолжазбалар және ақша қаражат тәркіленді.
Қайырлы Ахмет, ҚР ҰҚК ресми өкілі:
- Қылмыстық кодекстің 366-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.
Тегтер #Семей орманы #ағаш #Заң мен тәртіпPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz