Семейде автотұрақтағы орынға байланысты асфальтқа жазу жазған әйел әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 50 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды, деп хабарлайды 24KZ.
Оқиға Қарағайлы шағын ауданында болған. Әйел көпқабатты үйлердің бірінің маңындағы автотұраққа бояумен «Автотұрақтағы орынды иеленбеңіз» деп жазған. Бояу жақын жерде тұрған көлікке де тиіп, оның иесі полицияға жүгінген.
Бейнебақылау камералары арқылы полиция жазудың 25 қыркүйекте сағат 02:26 шамасында жазылғанын анықтады. Құқық бұзған әйелдің 40 жастағы қала тұрғыны Алма Жұматайқызы Сарбасова екені белгілі болды.
Әйел қоғамдық орынды ластағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 50 АЕК көлемінде айыппұл салынды. Кейін асфальттағы жазуды өзі тазалаған.
Полиция өкілдері көлік қоятын орынға қатысты дауды заң аясында шешу қажет екенін ескертті. Келіспеушілік қоғамдық тәртіпті бұзуға немесе өзгенің мүлкіне зиян келтіруге себеп болмауы тиіс.
Тегтер #24жаңалықтар #24KZ #автотұрақ #дауPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz