Жыл басынан бері Павлодар облысында 1200 киберқылмыс тіркелді. Бұл былтырмен салыстырғанда 500-ге аз. Дегенмен киберполицияға түсетін жүктеме жеңілдер емес.
Бөлімшеде цифрлық технологияларды жетік меңгерген мамандар тапшы. Полиция департаменті жанындағы бұл басқарма былтыр қаңтарда құрылған. Қазір мұнда 13 жедел уәкіл мен 10 тергеуші қызмет етеді. Алайда алаяқтар да қалыспай, жаңа технологиялар мен жасанды интеллектіні шебер меңгеріп алған. Сондықтан күрделі схемаларды әшкерелеу үшін бағдарламашылар мен аналитиктер ауадай қажет. Қазір басқарманың басты міндеті – штатты кеңейтіп, білікті IT-кадрларды тарту.
Ризабек Жанат, облыстық ПД Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасы бастығының орынбасары:
- IT мамандарды қабылдау туралы тапсырма бар. Бірақ біздегі жалақы көлемімен оларды жұмысқа тарту оңай емес. Соған қарамастан, IT бағытында білімі бар студенттер мен мекеме мамандарымен тығыз байланыс орнатып, іске біртіндеп тартып жатырмыз. Таяу арада құрылымды кеңейтуді де жоспарлап отырмыз.
Тегтер #24KZ #Павлодар облысы #киберполиция #киберқылмысPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz