RU
Толық нұсқаға өту

Орта дәліздің қуаты 32 млн тонна жүкке жетуі мүмкін

02.10.2026, 20:00 42

2040 жылға қарай Орта дәліз арқылы тасымалданатын жүк көлемі 32 млн тоннадан асады. Осылайша, транзикттік қуат 2023 жылғы көрсеткіштен 3,6 есе артады. Жаһан сарапшылары осылай пайымдайды.

Қазір Қазақстан Транскаспий халықаралық көлік дәлізін күшейтуге басымдық беруде. Соның арқасында өңірдегі геосаяси сұранысқа ие, ең маңызды бағытқа айналды. 

Орта дәліздің екі артықшылығы бар. Алғашқысы – тұрақтылық пен қауіпсіздік. Транскаспий бағыты қазіргі геосаяси ахуалға байланысты тауар жеткізудің ең қолайлы жолына айналды. Екіншісі – жылдамдық. Қытай мен Кәрі Құрлықтың алыс-берісі көп. Бұрын тараптар тауар алмасу үшін 40 күн күтетін. Енді сол жол 15 күнге азайды. Осының барлығын саралаған Дүниежүзілік банк еліміз үшін жағымды болжам жасады. Олардың айтуынша, дәліз бойындағы транзиттік елдердің жалпы ішкі өнімі 3,3 пайызға өседі. Ең жоғары өсім Қазақстан мен Түркияға тиесілі болуы мүмкін.

Ляззат Нурғалиқызы, экономист:

- Бұл әрине салынатын инвестицияға байланысты. Сонымен қатар, жұмыспен қамту, елдің экономикасына өсім көрсету жағынан да, еліміздің әлеуетін экономика жағынан көтерілуіне көптеген үлесін қосады. 2018-2021 жылдар аралығында өткен тауарлар бір млн тоннаға да жетпейді екен. Ал 2024 жылдан бастап 4,5 млн тоннаға жетіп отыр. Бұның өзі көп нәрсені айтады. 

Дәліздің транзиттік тасымалына арнайы тоқталсақ. Көрсеткіш жылдан жылға артып келеді. 2020 жылдан бері 6 есе өскен. Мәселен, 800 мың тоннадан 4,5 млн тоннаға жетті. Ал 2030 жылға қарай 10 млн тоннаны еңсеру көзделген.

Осы ретте Бақты – Аягөз, Мойынты – Қызылжар, Дарбаза – Мақтаарал теміржолы салынып, Ақтау жаңа порт бой көтереді. Әсіресе соңғы жоба көрсеткішті еселетуге қабілетті. Құрық портының құрылысы келер жылы басталып, 3-4 жылға созылады.

Сұлтанғали Кенжеқұлов, «Kazakh Invest» ҰК» АҚ басқарма төрағасы

- Жаңа порт салынады. Порттың мүмкіндігі – жылына 25 млн тонна жүк тасымалдау. Қытайдан Еуропаға өтетін тауарларды Қазақстан арқылы өткізіп, жүктерді Каспий теңізіне жеткізу және Каспийден әрі қарай Әзербайжан, Грузия арқылы Қара теңізге тасымалдау көзделеді. Екінші мәселе – Еуропадан келген тауарларды Қазақстан арқылы Қытай, Жапония, Корея және Вьетнам елдеріне жөнелту.

Дәлізді дамыту үшін шамамен 55 млрд доллар қажет. Инвестиция тарту үшін шетелдік компаниялар қарқынды тартылып жатыр. Президент те соңғы сапарында бавариялық бизнесмендерді Транскаспий халықаралық көлік бағдарының бойында өнеркәсіп және логистика хабтарын бірлесе қалыптастыруға шақырды. Оған қоса тауар тасымалын тездетуге цифрлық жүйелер қолданылады. Қазірдің өзінде салада бірыңғай цифрлық экожүйе қалыптаса бастаған. Мысалы, Smart Cargo платформасы арқылы кедендік, логистикалық және коммерциялық қызметтер бірікті. 

Авторлары: Бекзат Аманов, Диас Қобыланбаев

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz