RU
Толық нұсқаға өту

Қазақстандықтар зейнетақы жинағын басқаруда белсенді

02.10.2026, 23:10 49

Ел тұрғындары өткен айда зейнетақы шотындағы 69 млрд теңгеден аса қаржыны сенімгерлік басқаруға берген. Оның ішінде 28,2 млрд теңгені толықтай компанияларға аудару сұратылған. 

Қыркүйектен бастап аталған салада жаңа ережелер енгізілді. Оған сәйкес салымшы сенімгерлік басқаруға берілетін зейнетақы жинақтарының көлемін енді өздері анықтай алады. Сондай-ақ қаржылық мақсаттарына қарай бірнеше компанияны таңдауға құқылы. Десе де сарапшылар инвестицияның құны нарыққа қарай құбылатынын айтып отыр. «Сондықтан басқарушыны таңдағанда тек табысына емес, тәуекеліне де қараған жөн», - дейді.  

Бекнұр Қисықов, экономист:

- Инфляцияның есебінен біздің зейнетақымыз төмен болып бара жатыр. Компания басқа инвест фондтарға зейнетақыны салып, содан пайда көруімізге мүмкіндік болады. Оның барылығы инфляцияға қарсы осындай қорғаныс. Мұндай компанияларды қалай таңдауға болады? Біріншіден оның тәжірибесін білуіңіз керек. Және қай инвестицияға сіздің ақшаңызды салайын деп жатыр, басқа компанияға ма шетелге ме, сондықтан оның барлығын сіз зерттеп шығуыңыз керек. 

Айта кетейік, бұл мүмкіндік ерікті түрде жүзеге асырылады. Бұрын тек жинақтың бір бөлігін ғана аударуға мүмкіндік беріліп келді. Өзгеріске сәйкес басқарушы компанияларға да талап күшейіп отыр. Олардың меншікті капиталы кемінде 440 мың айлық есептік көрсеткішке тең болуы шарт. Зейнетақы жинақтарын сенімгерлік басқаруға беру тәртібі мен инвестициялық мүмкіндіктер туралы толық ақпарат бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының сайтында және invest.enpf.kz платформасында жарияланған.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz