Қостанай облысында түзеу мекемелеріндегі ұялы байланыс деңгейін белгіленген нормадан асырған үш компания жауапқа тартылды.
«Кар-Тел», «Kcell» және «Мобайл Телеком-Сервис» операторларының радиосигналы рұқсат етілген деңгейден жоғары болып шықты. Бұл қылмыстық атқару жүйесіне қарасты мекемелерде жүргізілген арнайы тексеріс нәтижесі. Талапты өрескел бұзған байланыс операторлары жауапкершілікке тартылып, айыппұл арқалады. Бұған дейін прокурорлар жазасын өтеу мекемесінде ұялы телефон арқылы жасалған қылмыстың бетін ашты. Сотталғандардың бірі 4 миллион теңгеден астам сомаға алаяқтық жасаған. Тергеу барысында одан заттай айғақтар тәркіленіп, қылмыстық жауапкершілікке тартылды.
Тегтер #Ұялы байланыс #түзеу мекемесі #24KZ #ТаңдаулыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz