Осал балаларды қорғау мәселесіне арналған Қазақстан-Ватикан II коллоквиумының екі күндік жұмысы аяқталды.
Қазақстан мен Қасиетті Тақ халықаралық деңгейде одан әрі ілгерілету мақсатында жазылмайтын дертке шалдыққан балалардың құқықтары жөніндегі хартияны бірлесе құптады. Құжатты Қазақстан Республикасының Халықаралық конфессияаралық және дінаралық диалог орталығы Қасиетті Тақтың Bambino Gesù балалар ауруханасымен бірлесіп әзірледі. Коллоквиум Қазақстан Республикасы вице-президенті, Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезі Хатшылығының басшысы Ерлан Қариннің және Қасиетті Тақтың Дінаралық диалог жөніндегі Дикастериясының префекті кардинал Джордж Джейкоб Кувакадтың төрағалығымен өтті. Жиында Ерлан Қарин Қазақстан мен Қасиетті Тақ арасындағы көпжылдық диалогтың бүгінде нақты гуманитарлық мазмұнға ие болып отырғанын атап өтті.
Джордж Джейкоб Кувакад, Қасиетті тақтың дінаралық диалог жөніндегі дикастериясының префекті, кардинал:
- Коллоквиум – 2024 жылғы сәуірде Ватиканда басталған ынтымақтастықтың жалғасы. Құжатты Қазақстан Республикасының Халықаралық конфессияаралық және дінаралық диалог орталығы Қасиетті Тақтың Bambino Gesù балалар ауруханасымен бірлесіп әзірлеп отыр. Бұл – біздің бірлесіп атқарар үлкен жұмыстардың бастамасы.
Тараптар арасындағы ынтымақтастықтың «қағидаттардан нақты іс-қимылдарға» – дінаралық диалог пен өзара түсіністіктен адам өмірі мен қадір-қасиеті үшін ортақ жауапкершілікке қарай ауысқанын көрсетеді. Осал балаларға қамқорлық көрсету осы диалогтың практикалық көрінісіне және бейбітшілікті нығайтуға қосылатын нақты үлеске айналған.
Тегтер #дінаралық диалог #ынтымақтастықPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz