RU
Толық нұсқаға өту

ТЖМ құтқарушылары шаруашылық құрылыстағы өртті сөндірді

03.10.2026, 22:55 47

Түркістан облысының «112» пультіне Сауран ауданының Ескі Иқан ауылында өрт шыққаны туралы хабарлама түсті, деп хабарлайды 24KZ ТЖМ-нің Telegram-дағы арнасына сілтеме жасап. 

Алғашқы өрт сөндіру бөлімшелері келген кезде жеке шаруашылық аумағында мал ұстауға арналған шаруашылық құрылыстың шатыры өртеніп, от жаппаға тарағаны анықталды.
Өрт ТЖМ қызметкерлерінің күшімен сөндірілді. 

Зардап шеккендер жоқ.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz