RU
Толық нұсқаға өту

Қостанай облысында спорт нысандарының саны артып келеді

04.10.2026, 17:12 40

Қостанай облысында кейінгі үш жылда 50-ге жуық спорт нысаны ел игілігіне берілді.

Тағы жетеуінің құрылысы жүріп жатыр. Оның үшеуі Арқалық қаласында салынады. Таяу арада шаһарда жабық хоккей корты мен екі дене шынықтыру-сауықтыру кешені бой көтереді.

Арқалықта былтыр дарынды балаларға арналған спорт интернат ашылды. Бұл өңірде спорттық бағытта мамандандырылған жалғыз оқу орыны. Жанынан жаңадан күрес залы салынды. Спорт-интернатта 100-ден астам бала білім алып, кәсіби тұрғыда бокс, күреспен айналысады. Ал мынау ұзақ жыл қаңырап бос тұрған бұрынғы кинотеатр ғимараты. Бұл да былтыр қайта жаңғыртылып, «Қазақстан» спорт кешеніне айналды. Мұнда баскетбол, волейбол, үстел теннисі, фитнес секциялары жұмыс істейді.

Сара Тұрғанова, Арқалық қаласының тұрғыны:

- Бұрынғы залымыз бұдан шағын, тар болатын. Сол жағы көп ыңғайсыздық тудыратын. Қазіргі залымыз кең, жарық, жайлы. Спорттық шеберлікті шыңдауға барлық мүмкіндік бар. 

Арқалықта биыл тағы жаңадан үш спорт нысанының құрылысы басталды. Жабық хоккей корты, екі дене шынықтыру-сауықтыру кешені салынып жатыр. Оның бірі Родина ауылында.

Бекболат Төлегенов, құрылыс учаскесінің бастығы:

- Құрылысы негізі мамыр айында басталды. Бұның тапсыру уақытысы келесі 27 жылдың июнь айында тапсырылуы керек негізі. Ал бірақ өзіміздің міндет бойынша, биыл тапсырамыз деп отырмыз.

Арқалықта негізінен дзюдо, қазақ күресі, бокс, ауыр атлетика және ойын спорт түрлері жақсы дамыған. Және спортпен тұрақты түрде шұғылдануға ниетті жандардың қатары жылдан-жылға көбейіп келеді.

Айтжан Мәліков, Арқалық қалалық спорт бөлімінің басшысы:

- Бүгінгі күні Арқалық қаласында барлығы 17 мың адам, ол қала халықының 45 процентін құрайды спортпен тұрақты түрде шұғылданады. Халықтың талабы қанағаттандырылып жатыр. Қажетті спорттық құрал жабықтар, спорттық нысандар салынып жатыр. Бүгінгі күні қаламызда барлығы 115 спорттық нысандар жұмыс жасауда.

Ал облыс бойынша қазіргі кезде 1 мың 400-ден астам спорт нысаны бар. Олардың қай-қайсысы да бұқара халыққа қолжетімді.

Бахтияр Қоспанов, дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының орынбасары:

- Бізде спорттық инфрақұрылымға сұраныс жоғары. Өңірде 3 жылдың ішінде 16 жаңа дене шынықтыру-сауықтыру кешені, 8 хоккей корты және 28 спорт алаңы салынды. Қазір облыс тұрғындарының жартысына жуығы салауатты өмір салтын ұстанады.

Таяуда облыста тағы 7 спорт нысанын ашу жоспарда бар. Оның үшеуі жыл соңына дейін тапсырылуы тиіс.

Мағауия Қалиев, Сергей Трахтенберг

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz