RU
Толық нұсқаға өту
Фото: gov.kz

Астанада көмірді қайдан және қандай бағамен сатып алуға болады

05.10.2026, 09:36 60

Астанада тұрғындар үшін 14 көмір сату орны және 10 қойма жұмыс істейді. Олардың барлығы қажетті инфрақұрылыммен және тиеу-түсіру техникасымен жабдықталған, деп хабарлайды «24KZ».

Елорда әкімдігінің мәліметінше, аталған нысандарда көмір сатумен 8 компания айналысады. 

Көмір сату орындары мына мекенжайларда орналасқан: Герцен көшесі, 4/1; Герцен көшесі, 6/2; Көктал көшесі, 28/2; Мақат көшесі, 40; Жамбыл Жабаев көшесі, 76; Дулатов көшесі, 182/1; Мақат көшесі, 4/1; 70-проезд, № 9А; ЖЭО-2; 101-көше, 30Б; Литейная көшесі, 44; Көктал көшесі, 28; Герцен көшесі, 6Б.

Бүгінгі таңда көмірдің орташа бағасы:

Шұбаркөл — тоннасына 19 500 теңге;
Қаражыра — тоннасына 18 800 теңге;
Майкүбі — тоннасына 16 800 теңге.

«24KZ» Telegram-арнасына жазылыңыз

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz