RU
Толық нұсқаға өту
Фото: depositphotos.com

Таразда 24 жастағы жігіттің өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалып, күдікті ұсталды

05.10.2026, 09:49 52

Тараз қаласында Абай көшесіндегі үйлердің бірінің ауласында болған шабуылдан кейін 24 жастағы жігіт қаза тапты. Полиция күдіктіні ұстады, деп хабарлайды «24KZ».

Жамбыл облысы Полиция департаментінің мәліметінше, оқиға 3 қазанда сағат 17:00 шамасында болған. Куәгерлер полицияға бірнеше адамның бір жігітке пышақ жарақатын салып, оқиға орнынан қашып кеткенін хабарлаған. Алған жарақаттарының салдарынан жігіт оқиға орнында көз жұмған.

«Адам өлтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Полиция қызметкерлері күдіктіні ізін суытпай ұстады. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды», — делінген полиция хабарламасында.

«24KZ» Telegram-арнасына жазылыңыз

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz